Футболдан премьер-лига: 10-тур ойындарының кестесі жарияланды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 10-туры басталады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Футболдан премьер-лига: 10-тур ойындарының кестесі жарияланды

Аталған тур 20, 21 мамыр күндері өтеді. Бүгін 3 ойын болса, ертеңге қалған 4 кездесу белгіленген.

Бүгін, 20 мамырда сағат 17:00-де «:Жетісу» (Талдықорған) мен «Атырау», «Шахтер» (Қарағанды) мен «Ақсу» (Павлодар облысы) кездесуі басталады.

Одан кейін 19:00-де «Астана» мен «Қызылжар» (Петропавл) шеберлік байқасады.

Ал 21 мамырда 16:00-де «Тобыл» (Қостанай) мен «Мақтарал» (Түркістан облысы), 18:00-де «Қайрат» (Алматы) пен «Қайсар» (Қызылорда) ойнайды.

Сондай-ақ, 20:00-де «Ақтөбе» мен «Каспий» (Ақтау) жасыл алаңға шығады.

Аталған турды сағат 21:00-де «Ордабасы» (Шымкент) мен «Оқжетпес» (Көкшетау) командалары түйіндейді.

Еске салсақ, футболдан бірінші лигада «Тараз» қатарынан бесінші мәрте жеңілді.