Футболдан Премьер-лига командаларының 26-туры өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 26-туры өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталған турда ел біріншілігінің жеңімпазы анықталады. Әзірге бұл атақтан «Астана» мен «Ақтөбе» командалары үміткер. Лйындардың барлығы бір уақытта, сағат 15:00-де басталады.
Аталған турдағы ойын кестесі төмендегіше:
«Шахтёр» (Қарағанды) - «Астана»
«Тараз» - «Тұран» (Түркістан)
«Ақтөбе» - «Қайрат» (Алматы)
«Ақжайық» (Орал) - «Тобыл» (Қостанай)
«Қызылжар» (Петропавл) - «Каспий» (Ақтау)
«Аксу» (Павлодар облысы) - «Атырау»
«Мақтарал» (Түркістан облысы) - «Ордабасы» (Шымкент)
Қазір турнир кестесінде «Астана», «Ақтөбе», «Тобыл» командалары алғашқы үштікте келеді.
Еске салсақ, бұдан бұрын футболдан бірінші лига командалары арасындағы ел біріншілігі мәресіне жетті.