Футболдан Премьер-лига: «Жеңістің» бас бапкері Ринат Алюетов қызметінен кетті
Алдағы жылы футболдан Премьер-лигада ойын көрсетуге жолдама алған астаналық «Жеңіс» бас бапкер Ринат Алюетовтің қызметінен кеткенін мәлімдеді, деп хабарлайды Kazinform. Бұл жөнінде команданың баспасөз қызметі мәлім етті.
Онда команда басшылығы Ринат Алюетовтің рақметін білдіріп, алдағы жұмысына сәттілік тілеген.
34-жастағы қазақстандық маман елордалық командаға 2022 жылдың мамыр айынан бастап жетекшілік жасады.
2023 жылғы футбол маусымының қорытындысымен бірінші лигада алғашқы үштікке іліккен семелік «Елімай», түркістандық «Тұран» және астаналық «Жеңіс» Премьер-лигаға жолдама алды.
«Жеңіс» футбол клубы 1964 жылы құрылған. 2000, 2001, 2006 жылдарда ел чемпионы атанды.
2008 жылдан бері Премьер-лигада ойын көрсеткен жоқ.