Футболдан UEFA суперкубогы қайда өтетіні белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM - Футболдан UEFA суперкубогы биыл Италияның Удине қаласындағы «Дачия Арена» стадионында өткізіледі.

Футболдан UEFA суперкубогы қайда өтетіні белгілі болды
Фото: championat.com

Кездесу 2025 жылдың 13 тамызында өткізіледі. Онда Чемпиондар лигасының жеңімпазы Францияның «Пари Сен-Жермен» және Еуропа лигасының чемпионы «Тоттенхэм Хотспур» шеберлік байқасады.

Суперкубок 1972 жылдан бері тұрақты түрде ұйымдастырылып келеді. Қазірге дейін Испанияның «Реал Мадрид» 6 мәрте төбесіне көтерді.

Сондай-ақ Испанияның «Барселона» мен Италияның «Миланы» 5, Англияның «Ливерпулі» 4, Нидерландтың «Аякс» және Испанияның «Атлетико Мадриді» 3, Англияның «Челси», Германияның «Бавария», Бельгияның «Андерлехт», Испанияның «Валенсия», Италияның «Ювентусы» 2 мәрте кубокқа ие болды.

Сондай-ақ Испанияның «Севилья», Португалияның «Порту», Англияның «Манчестер Юнайтед», «Ноттингем Форест», «Астон Вилла», «Манчестер Сити», Украинаның «Динамо Киев», Шотландияның «Абердин», Румынияның «Стяуа», Бельгияның «Мехелен», Италияның «Парма», «Лацио», Түркияның «Галатасарай», Ресейдің «Зенит» клубтары бір-бір мәрте жеңімпаз болды.

Былтыр супекубок Испанияның «Реал Мадрид» клубына бұйырды.

Соңғы жаңалықтар