Футболдан ұлттар лигасы: Қазақстан-Молдова ойынын қайдан көруге болады
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасы бүгін, 29 наурызда Молдовамен UEFA Ұлттар лигасы өтпелі сатысының қарымта ойынын өткізеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстан және Молдова кездесуі 29 наурызда елорда уақытымен 20:00-де басталады. Ойын «Qazsport» телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі.
Алғашқы ойында Қазақстан құрамасы сырт алаңда Молдованы 2:1 есебімен тізе бүктірген еді.
Еске салсақ, Қазақстан құрамасы Ұлттар лигасы 2020/21 жылғы кезеңінде С лигасында Албания, Беларусь және Литвамен сынға түсіп, төртінші орынды місе тұтты.
Кездесуде словакиялық Иван Кружляк бас төреші қызметін атқарады. Ол бұған дейін халықаралық 89 ойында қазылық жасады.
Оған отандастары – Бранислав Ханчко мен Ян Позор көмекшілік жасайды.
Жеңімпаз құрама алдағы кезеңде С лигасындағы орнын сақтап қалса, жеңілгені Д лигасында сынға түседі.