Футболдан Ұлттық құраманың бас бапкері Қазақстан азаматтығын ала ма

АСТАНА. ҚазАқпарат – Солтүстік Ирландияға қарсы матч алдындағы баспасөз мәслихатында ел құрамасының бас бапкері Магомед Адиев Қазақстан азаматтығын алу ұсынысына қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
Фото: instagram.com/kff_team

«Азаматтыққа келетін болсақ, бұл бағытта әңгімелер әлі жалғасуда. Біз сөйлесіп жатырмыз және федерация басшылығы менің азаматтық алғанымды қалайды, оны алуыма бастама жасағысы келеді. Бірақ біз бұл мәселені кейінге қалдырып, қазір ойындарға ден қойып отырмыз. Енді матчтан кейін көрейік. Мен ұтыла бастасам азаматтық былай тұрсын, елден қуады», - деді Магомед Адиев БАҚ өкілдерінің сауалына жауап бере отырып.

Сондай-ақ бас бапкер Солтүстік Ирландиямен матч алдында Қазақстан құрамасының сапында өзгеріс жасалатынын айтты.

Қазақстан - Солтүстік Ирландия ойыны 10 қыркүйек күні елордадағы «Астана-Арена» стадионында өтеді. Басталуы – сағат 19.00-де. Кездесуді «Qazsport» телеарнасынан, сондай-ақ ЭКСПО аумағындағы жазғы сахнадан тікелей көруге болады.

Еске салайық, 7 қыркүйекте Қазақстан футбол құрамасы 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында Финляндия құрамасымен кездесіп, 0:1 есебімен жеңіліп қалған еді.


Соңғы жаңалықтар