Футзал: Қазақстан құрамасының алдағы қарсыласы жеңіске жетті

None
Фото: Қазақстан футбол федерациясы
АСТАНА. ҚазАқпарат – Футзалдан Қазақстан құрамасының қатысуымен өтіп жатқан әлем чемпионатының 2-іріктеу сатысы 5-тобындағы тағы бір ойынның нәтижесі белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған топтағы Словения сырт алаңда Черногорияны 4:1 есебімен сүріндірді. Осылайша, словениялық футзалшылар 6 ұпай жинап, 2-орынға жайғасты.

Енді олар 8 наурызда өз алаңында Қазақстан құрамасын қабылдайды. 2022 жылдың 8 қазанында елімізде өткен алғашқы кездесуде қазақстандықтар 2:0 есебімен жеңіске жеткен болатын.

Ел құрамасы 5-топта 3 ойыннан кейін 9 ұпаймен көш бастап келеді. Қазірге дейін қазақстандық футзалшылар Черногорияны 7:0, 5:1 есебімен тізе бүктірген еді.

Енді ел құрамасы Словениямен кездесуде кем дегенде тең түскен жағдайда элиталық сатыға жолдама алады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатының элиталық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы 4-орынға табан тіреді.


Соңғы жаңалықтар