Футзалдан әлем чемпионаты: Бүгін Қазақстан құрамасы Черногориямен кездеседі

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы бүгін, 9 қарашада әлем чемпионаты іріктеу сатысында өз алаңында Черногорияға қарсы ойнайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Аталған кездесу елорда уақытымен 20:00-де басталып, Qazsport телеарнасынан тікелей эфирде көрсетіледі. Ойын Алматы қаласындағы Балуан Шолақ спорт сарайында болады.

Ел құрамасы бесінші топта сынға түседі. Қарсыластары - Словения мен Черногория.

Бұған дейін қазақстандық футзалшылар өз алаңында Словенияны 2:0 есебімен тізе бүктірсе, сырт алаңда Черногориядан 5:1 есебімен басым түсті.

Сондай-ақ, ел құрамасы 2023 жылдың 8 наурызында Словениямен сырт алаңда тағы бір мәрте кездеседі.

Еске салсақ, негізгі іріктеу кезеңі 12 топтан тұрады. Әр топтың жеңімпаздары мен екінші орын алған төрт үздік команда тікелей элиталық кезеңге шығады.

Екінші орын иеленген қалған сегіз команда өтпелі ойындар арқылы тағы төрт жолдаманы сарапқа салады.

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионаты элиталық сатысында 2000, 2016, 2021 жылдарда сынға түсті. Олар 2021 жылы төртінші орынға табан тіреді.


Фото: kff.kz

Соңғы жаңалықтар