Футзалдан Әлем чемпионатына іріктеу: Қазақстан Черногорияны жеңді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Футзалдан Қазақстан құрамасы 2024 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңіндегі екінші ойынын Черногорияға қарсы өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None

Кездесу барысында қазақстандық құрамадан Лео 1-минутта есеп ашты. Оған черногориялық Филип Маркович 16-минутта бір голмен жауап қайырды. Ал 18-минутта Эдсон қайтадан Қазақстан құрамасын алға шығарды.

Екінші кезеңде қазақстандық футзалшылар басымдықты арттыра түсті. Ойынның 28-минутында ел құрамасынан Арнольд Кнауб мергендік танытса, арада 20 секунд өткенде қазақстандық Альберт Ақбалықов көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Кездесудің 37-минутында Тайнан аталған ойындағы өзінің екінші голын соғып, қорытынды есепті белгіледі.

Осылайша еліміз футзалшылары қарсыласынан 5:1 есебімен басым түсті.

Еске салсақ, бұдан бұрын Қазақстан құрамасы Словенияны жеңген болатын.

Ал Черногория Словенияға 1:3 есебімен жол берді.

Екі ойыннан кейін ұпай жоғалтпаған қазақстандық футзалшылар алты ұпаймен көш басында тұр.

Енді ел құрамасы алдағы кездесуінде 9 қарашада Черногорияны қабылдайды.




Соңғы жаңалықтар