Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайрат» Косовоның «Приштина» командасымен кездеседі
Футзалдан «Қайрат» командасы бүгін Чемпиондар лигасы элиталық сатысындағы алғашқы ойынын өткізеді, деп хабарлайды Kazіnform.

Қазақстандық команда В тобында «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) мен «Приштина» (Косово) командаларымен кездеседі. Ойындар Косовоның Приштина қаласындағы Жастар сарайында 29 қараша мен 2 желтоқсан аралығында өткізіледі.
Алматылық клуб 29 қараша елорда уақытымен 1:00-де Косовоның «Приштина» клубымен шеберлік байқасады.
Ал 30 қарашада 22:00-де Португалияның «Бенфика», 2 желтоқсанда Словакияның «Добовец» клубымен ойнайды.
Элиталық сатысында әрбір топта жеңімпаз болған командалар «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алады. Жарыстың аталған сатысында Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталады.
Қазақстандық команда Чемпиондар лигасында биыл қаңтар айында 20 мәрте бақ сынады. Бұл Еуропа құрлығындағы командалар арасында абсолютті рекордты тіркеді.
Сондай-ақ, алматылық клуб 2012/2013, 2014/2015 жылдарда аталған турнирде жеңімпаз атанған еді.
Айта кетсек, негізгі сатысында алматылық Испанияның «Пальма» (34), Венгрияның «Халадаш» (2:2) және Люксембургтің «Дифферданж» (4:2) командаларымен кездесіп, екінші орын алды.