Футзалдан Чемпиондар лигасы: «Қайраттың» қарсыластары анықталды
УЕФА-ның Ньон (Швейцария) қаласындағы штаб-пәтерінде футзалдан Чемпиондар лигасы элиталық сатысының жеребесі тартылды, деп хабарлайды Kazinform.

Алматылық «Қайрат» В тобында сынға түседі. Қарсыластары - «Бенфика» (Португалия), «Добовец» (Словения) және «Приштина» (Косово).
Ойындар 28 қараша мен 3 желтоқсан аралығында Косовоның «Приштина» аренасында өткізіледі.
Өзге топтардағы командалар бөлінісі төмендегіше:
А тобы: «Барселона» (Испания), «Этуаль» (Франция), «Эболи» (Италия), «Рига» (Литва)*
C тобы: «Спортинг» (Португалия), «Андерлехт» (Бельгия), «Лозница-Град» (Сербия), Халадаш» (Венгрия)
D тобы: «Пальма» (Испания), «Хит» (Украина), «Олмиссум» (Хорватия), «Любава» (Польша)
Элиталық сатысында әрбір топтан жеңімпаз болған командалар «Төртеудің финалы» сатысына жолдама алады. Жарыстың аталған сатысында Чемпиондар лигасының жеңімпазы анықталады.
Айта кетсек, негізгі сатысында алматылық Испанияның «Пальма» (34), Венгрияның «Халадаш» (2:2) және Люксембургтің «Дифферданж» (4:2) командаларымен кездесіп, екінші орын алды.