Футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық сатысы Алматыда өтеді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық «Қайрат» командасының қатысуымен өтетін футзалдан Чемпиондар лигасының элиталық сатысындағы ойындар Алматы қаласында өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қазақстандық команда С тобында сынға түседі. қарсыластары - «Хрудим» (Чехия), «Люксол Сент-Эндрюс» (Мальта) және «Бенфика» (Португалия).
Ойындар 22-27 қараша аралығында өткізіледі. Әрбір топтың жеңімпазы турнирдің бас жүлдесін сарапқа салатын төрт команда қатарына қосылады.
Алматылық клуб турнирдің негізгі сатысында өз тобында үшінші орын алды. Жарыс барысында франциялық «Спортинг Парижді» 3:2 есебімен жеңсе, бельгиялық«Халле-Гооик» және испаниялық «Пальмамен» 2:2 есебімен тең түсті.
Фото: instagram.com/afckairat