Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Түркістанда дайындығын бастады

АСТАНА. KAZINFORM — Футзалдан Қазақстан 19 жасқа дейінгілер құрамасы Түркістанда оқу-жаттығу жиынын өткізеді.

Футзалдан Қазақстан U-19 құрамасы Түркістанда дайындығын бастады
Фото: Қазақстан футбол федерациясы

Құраманың Түркістандағы Олимпиада орталығында өткізетін оқу-жаттығу жиыны 18 ақпанға дейін созылады. Оған 19 ойыншы шақырту алды.

Бұл құрамада аға бапкер міндетін алғаш рет Василий Смолин атқарса, оған Жақсылық Әлішбаев, Сержан Шұманбаев, Михаил Мылисов сынды мамандар көмектеседі.

Қазақстан U-19 құрамасы

Қақпашылар: Артур Ерошенков («Қайрат» АФК), Әмір Рымжанов («Тұлпар»), Әлихан Омаров («Семей»).

Алаңдағы ойыншылар: Әли Әбдікенов («Қайрат», АФК), Әмірбек Молдасариев («Астана»), Артем Махмутов («Тұлпар»), Ернияз Эльдарұлы («Байтерек»), Серікбол Төлеш («Байтерек»), Марлен Асылбек («Ақтөбе»), Расул Ерболұлы («Атырау»), Жанмұрат Амандос («Атырау»), Тимофей Морозов («Аят»), Асанәлі Мыңбаев («Аят»), Владимир Тихоплав («Аят»), Сұңқар Мұхтаров («Семей»), Әлібек Торғауыт («Семей»), Әділбек Нұғыманов («Семей»), Әли Серікұлы («Астана»).

Еске салсақ, 2027 жылы Қазақстанда 19 жасқа дейінгі құрамалар арасындағы Еуропа чемпионатының финалдық кезеңі өтеді. Аталған турнирде Қазақстан 19 жасқа дейінгілер құрамасы жарысқа қожайын ел ретінде қатысады.

Бұдан бұрын «Қайрат» футзал клубы «Картахенамен» матч алдында жанкүйерлеріне үндеу жасағанын жазған едік.

Соңғы жаңалықтар
Референдум