Галбадрах бастаған дзюдошылар Загребтегі Гран-при турниріне қатысады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 26-28 шілде күндері Загребте (Хорватия) дзюдодан өтетін Гран-при турниріне Қазақстаннан кімдердің баратыны белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазақстан дзюдо федерациясы мәлім еткеніндей, аталмыш додада елімізден 11 спортшы бақ сынамақшы.

Атап айтқанда, бұл жолы мына дзюдошыларға сенім артылып отыр.

Ерлер:

Дәурен Сүйеукенов (60 кг)

Ғұмар Қырғызбаев (66 кг)

Жансай Смағұлов (73 кг)

Ақылбек Серік (73 кг)

Руслан Мұсаев (81 кг)

Айбек Серікбаев(-100 кг)

Ерасыл Қажыбаев (+100 кг)

Әйелдер:

Отгонцэцэг Галбадрах (48 кг)

Севара Нишанбаева (57 кг)

Назгүл Құбашева (63 кг)

Зарина Райфова (78 кг)

Еске сала кетейік, бұлан бұрын қазақстандық дзюдошылардың Ақтауда өткен Азия кубогын төрт алтын медальмен қорытындылағанын жазған болатын.

Таяуда Будапешт қаласында өткен осындай Гран-при турнирінің жеңімпазы атанған Елдос Сметов әлемдегі үздік бес дзюдошының қатарына кірген еді. Ендеше, Токио Олимпиадасы қарсаңында Загреб жарысы да аса маңызды.

Соңғы жаңалықтар