Ғалымдар Калифорнияда алдағы жылдары жойқын жер сілкінісі болатынын ескертті

АСТАНА. KAZINFORM — АҚШ Геологиялық қызметінің (USGS) сейсмологтары Калифорнияда күшті жер сілкінісі болу ықтималдығы күрт артқанын ескертті, деп хабарлайды BILD.

Ғалымдар Калифорнияда алдағы жылдары жойқын жер сілкінісі болатынын ескертті
Фото: Getty images

Өткен түнде Солтүстік Калифорния жағалауында бір-екі минут аралығымен жеті жер сілкінісі болғаны хабарланды. Зардап шеккендер мен қираулар туралы мәлімет жоқ, бірақ сарапшылар мұны алаңдатарлық «сигнал» деп бағалап отыр.

USGS өкілі Сара Минсонның айтуынша, 2055 жылға қарай Сан-Францискода болатын Үлкен жер сілкінісінің ықтималдығы 72 пайызға жеткен. Алдағы 30 жыл ішінде Солтүстік Калифорнияда магнитудасы 6,7 немесе одан жоғары жер сілкінісі болу ықтималдығы жоғары. Кейбір сарапшылар бұл одан да ертерек - 2032 жылға қарай болады деп болжайды.

Сарапшылар арасында ерекше алаңдаушылық тудыратын нәрсе - шамамен 1300 шақырымға созылған және бүкіл Сан-Франциско шығанағы аймағын басып өтетін Сан Андреас жарықшағы.

Ғалымдардың айтуынша, дәл осы жерде келесі жойқын жер сілкінісі болуы мүмкін. Сан-Францискодағы соңғы күшті жер сілкінісі 1989 жылы болды, оның салдарынан 63 адам қаза тауып, 4000-ға жуық адам жарақат алды.

Еске сала кетейік, АҚШ әуежайларында COVID‑19 жаңа сабварианты анықталды.

 

Соңғы жаңалықтар