Ғалия Тынбаева гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды

АСТАНА. KAZINFORM - Ғалия Тынбаева (48 кг) Хорватия астанасы Загребте басталған Гран-при бәсекесінің күміс жүлдеге ие болды.

Ғалия Тынбаева гран-при турнирінің күміс жүлдегері атанды
Фото: IJF

Ол финалда Азия чемпионы, әлем чемпионатының күміс жүлдегері Кого Ваканаға (Жапония) есе жіберді.

Бүгін іріктеуде отандасымыз Италия, Франция өкілін және жартылай финалда Ребека Рита Косжегиді (Мажарстан) ұтты.

Айта кетейік, бұл Ғалияның Гран-при турнирлеріндегі 2-күміс жүлдесі.

Айта кетсек, өткен жылы ол Португалиядағы турнирдің финалында Әбиба Әбужақыновамен күш сынасып, 2-орын алған.

Ғалия Тынбаева қазақ қыздары арасында бірінші рет Grand Slam турнирінің жеңімпазы атанғанын жазған болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар