Гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Иранды жеңді

АСТАНА. KAZINFORM — Бүгін гандболдан Қазақстан әйелдер құрамасы 2025 жылғы әлем чемпионатында қай орын алғаны белгілі болды.

Гандболдан әлем чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы Иранды жеңді
Фото: Нұрғали Жұмағазы / ҰОК

Қазақстандық гандболшылар 31-орын күшін сайыста Иран құрамасын 31:24 есебімен тізе бүктірді.

Отандастарымыз қазірге дейін алты кездесуде қарсыластарына есе жіберіп қойды. Алдымен іріктеу сатысының топтық кезеңінде Анголаға 20:38, Норвегияға 16:41, Оңтүстік Кореяға 17:35 есебімен жеңіліп қалды.

Одан дейін 24-32 орындар үшін плей-офф сатысында екінші топта Кубаға 28:29, Қытайға 30:32, Египетке 18:30 есебімен жол берді. 

Қазақстандық гандболшылар 2008 жылы Олимпиадада 10-орынға алған еді. Одан кейінгі жылдарда дүбірлі додадан тыс қалды.

Отандастарымыз қазірге дейін әлем чемпионатында жеті мәрте бақ сынады. Олардың жоғары жетістігі — 2007 жылғы 18-орын.

Әлем чемпионатында финал мен 3-орын үшін сайыс 14 желтоқсанға белгіленген.

Гандболдан әйелдер арасындағы әлем чемпионаты 1957 жылдан бері тұрақты түрде өткізіліп келеді. Қазірге дейін Ресей — 7, Норвегия мен Германия -4, Франция — 3, Венгрия, Сербия, Дания, Румыния, Нидерланд, Чехословакия, Оңтүстік Корея мен Бразилия -1 мәрте чемпион атанды.

Соңғы жаңалықтар