Гандболдан Қазақстан ерлер құрамасы Азия чемпионатында Оманнан жеңіліп қалды
МАНАМА. KAZINFORM - Қазақстан құрамасы Бахрейн астанасы Манама қаласында гандболдан ерлер арасындағы Азия чемпионатында 9-16 орындар үшін плей-офф сатысында Оманға есе жіберді.

Кездесу барысында қазақстандық гандболшылар белсенді ойын көрсетті. Нәтижесінде бірінші кезеңде қарсыласынан 17:16 есебімен басым түсті.
Екінші кезеңде омандық гандболшылар жинақы қимылымен көзге түсті. Сол арқылы 14:12 есебімен басым болды.
Жалпы есепте қазақстандық гандболшылар қарсыласына 29:30 есебімен есе жіберді.
Енді ел құрамасы 19 қаңтарда — Қытай, 21 қаңтарда — Үндістанмен шеберлік байқасады.
Нәтижесінде құрамалардың қай орын үшін сынға түсетіні белгілі болады.
Аталған ойындар 22-23 қаңтар күндеріне белгіленген.
Қазақстандық гандболшылар жарыстың алғашқы сатысында D тобында сынға түсті.
Алдымен Бахрейннен 13:47, Біріккен Араб Әмірлігінен 15:39 есебімен жеңіліп, Гонконгты 27:22 есебімен тізе бүктірді.
Қазақстан құрамасы биыл құрлықтық додаға үшінші мәрте қатысып отыр.
1998 жылы сегізінші орынға табан тіресе, 1993 жылы он бірінші орынды місе тұтты.