Ғасырдан асқан ардагер өз таңдауын жасады

АҚТӨБЕ. KAZINFORM — Ғасырдан асқан ардагер Василий Грецкий Жаңа Ата Заңға байланысты өткен республикалық референдумде өз таңдауын жасады. 

Ғасырдан асқан ардагер өз таңдауын жасады
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Ол 1924 жылы Белоруссияның Витебск облысындағы Полоцк қаласында көпбалалы отбасында дүниеге келген. Қазіргі уақытта Хромтау қаласында тұрады. Ақтөбе облысы бойынша соғыстың соңғы солдаты. Ұзақ ғұмырында талай тарихи кезеңдердің куәсі болған ардагер ел өміріндегі маңызды саяси науқаннан тыс қалған жоқ.

Референдум күні сайлау комиссиясының мүшелері ардагердің үйіне арнайы барып, дауыс беру рәсімін ұйымдастырды. Василий Грецкий бюллетень алып, өз таңдауын жасап, жәшікке салды.

Ғасырдан асқан ардагер өз таңдауын жасады
Фото: Ақтөбе облысы әкімдігі

Дауыс беру кезінде барлық талап толық сақталып, қажетті рәсімдер заңға сәйкес жүргізілді. Осындай маңызды күні ғасыр жасаған жауынгердің белсенділік танытуы көпшілікке үлгі болды. 

Соңғы жаңалықтар