Газ баллонының жарылуы: тұтынушы қауіпсіздік ережесін сақтамаған

АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбелік төтенше жағдайлар қызметі газ баллонының жарылуы қауіпсіздік ережесінің сақталмауынан болуы мүмкін деп отыр. Қазіргі кезде тексеру жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Еске салсақ, Ақтөбеде газ баллоны жарылып, бір адам ауруханаға түскен болатын. Облыстық төтенше жағдайлар қызметі шақыртылғанымен, өрт сөндірушілердің еш қажеті болмапты.

«4 қаңтар күні «Тюльпан-8» бау-бақша ұжымында орналасқан жеке үйде тұрмыстық газ баллоны жарылды. Шақырту орнына өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі, апаттар медицина орталығы, жедел құтқару жасағынан 20 адам мен 5 техника жіберілді. Жарылыс салдарынан 52 жастағы үй иесінің бетін, 51 жастағы әйелдің сол жақ иығын күйік шалды. Газ баллоны тұрған кіреберіс толықтай құлады. Зардап шеккендерге оқиға орнында алғашқы медициналық көмек көрсетілді. Өрт сөндіргіш заттар қолданылған жоқ. Алдын ала белгілі болғаны - жарылыс қауіпсіздік ережелерінің сақталмауынан орын алған», - деп хабарлады облыстық ТЖД баспасөз қызметі.

Мамандардың айтуынша, қазіргі уақытта істі полиция тергеп жатыр.

Соңғы жаңалықтар