Газа секторындағы Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 73 386-ға жетті
АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылғы қазаннан бері Газа секторына жасалған Израиль шабуылдарынан қаза тапқандар саны 73 386 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолу.
Газадағы Палестина Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, соңғы 24 сағатта ауруханаларға шабуылдардан қаза тапқан екі адамның денесі жеткізілді. Оның бірі жаңа соққы кезінде қаза тапса, екіншісінің мәйіті бұған дейінгі шабуылдардан кейін үйінді астынан шығарылған. Сондай-ақ сегіз жаралы ауруханаға жеткізілді.
Ведомствоның хабарлауынша, 2025 жылғы 10 қазанда атысты тоқтату режимі күшіне енгеннен бері Израиль шабуылдарынан 1258 адам қаза тауып, 4139 адам жараланған. Үйінділер астынан 807 адамның денесі шығарылған.
Палестина Денсаулық сақтау министрлігі 2023 жылғы қазаннан бері Израиль соққыларынан Газа секторында қаза тапқандардың жалпы саны 73 386 адамға, ал жараланғандар саны 174 250 адамға жеткенін мәлімдеді.
Газа секторындағы үйінділер астында әлі де мыңдаған адамның денесі жатқаны хабарланды.
Еске сала кетсек, шілденің соңында Газада қираған ғимарат астынан екі әулеттің 99 мүшесінің мәйіті шығарылды.
Сондай-ақ Израиль Газа секторында бейбіт тұрғындарға шабуылды күшейткенін жаздық.
Ал Нетаньяху Трамптың Газа туралы жоспарын қабылдамады.