Газа секторындағы құрбандар саны 60 мыңнан асып кетті

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылғы 7 қазанда басталған Израиль армиясының қоршаудағы Газа секторына жасаған шабуылдардан қаза тапқандар саны 60 239 адамға жетті, деп хабарлайды Анадолы.

Газа секторындағы құрбандар саны 60 мыңнан асып кетті
Фото: Анадолы

Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, кейінгі 24 сағат ішінде 101 адам көз жұмып, тағы 625 адам жарақат алған. Ал, 2023 жылдың 7 қазанынан бері жараланғандар саны 146 894 адамды құрады.

Еске салайық, Израиль мен ХАМАС арасындағы 19 қаңтарда жасалған атысты тоқтату туралы келісім 18 наурызда қайта бұзылып, Израиль Газада жаппай шабуылдарды қайта бастаған еді. Сол уақыттан бері 9 071 палестиналық қаза тауып, 34 853 адам жараланған.

Ведомствоның хабарлауынша Эксклав аумағында қираған ғимараттардың астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті болуы мүмкін.

Кейінгі бір тәулікте Газада аштықтан тағы 7 палестиналық қайтыс болды. Жалпы аштықтан көз жұмғандар саны 154 адамға жетті, оның 89-ы балалар.

Айта кетейік, Канада Палестина мемлекетін қыркүйек айында мойындауды жоспарлап отыр. 

ХАМАС қолындағы тұтқындардың 20-сы ғана тірі болуы мүмкін. 

Соңғы жаңалықтар