Газадағы қақтығыс: қаза тапқан израильдік әскерилер саны 438-ге жетті

АСТАНА. KAZINFORM – Израиль армиясы Газа секторында тағы бір сарбазының қаза тапқанын хабарлады, деп жазады Анадолы

Газадағы қақтығыс: қаза тапқан израильдік әскерилер саны 438-ге жетті
Фото: Anadolu

Жарияланған ресми мәлімдемеде марқұм сарбаздың капрал шенінде болғаны және эксклавтың солтүстігінде «жауынгерлік операция кезінде болған оқиғада» қаза тапқаны көрсетілген.

Осылайша, ресми деректерге сәйкес, 2023 жылғы 27 қазанда басталған Газаға жерүсті операциясы барысында қаза тапқан израильдік әскерилердің жалпы саны 438 адамға жетті.

Ал Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2023 жылғы 7 қазаннан бері жалғасып жатқан израильдік шабуылдардан кемінде 57 130 палестиндік қаза тауып, 135 173 адам жараланған.

Айта кетейік, бұған дейін Израильдің Газаға жасаған таңғы шабуылында 39 палестиналық қаза тапқанын жаздық.

Соңғы жаңалықтар