Газадағы құрбандар саны 35 мыңнан асты

АСТАНА. KAZINFORM – Палестинаның Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігінің мәлімдемесінде 2023 жылдың 7 қазанынан бері Газа секторында Израильдің жалғасып жатқан шабуылдары салдарынан қаза тапқан палестиналықтардың саны 35 034-ке жетіп, 78 755 адам жараланды. Бұл туралы Анадолы агенттігі жазды. 

Газа
Фото: Аljazeera

Ведомствоның мәліметінше, соңғы тәулікте эксклавтың тағы 63 тұрғыны қаза тауып, 114-і жараланған.

Баяндамада қаза тапқандардың денелері әлі қираған ғимараттардың қирандылары мен жол жиектерінде қалғаны атап өтілді. Жедел жәрдем мен азаматтық қорғаныс топтары Израиль күштерінің кедергілерінен оларға жете алмай отыр.

 

Соңғы жаңалықтар