Газадағы құрбандар саны 53 мыңнан асты

АСТАНА. KAZINFORM – 2023 жылғы 7 қазанда Израильдің әскери операциясы басталғалы бері Газа секторында қаза тапқандар саны 53 010 адамға жетті. Бұл туралы сәрсенбі күні Газа секторындағы Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады, деп жазады Анадолы.

Израильдің Газаға жасаған әуе шабуылынан 18 адам қаза тапты
Фото: Anadolu Agency

Министрлік мәліметінше, тек соңғы бір тәулікте жергілікті ауруханаларға 82 адамның мәйіті мен 152 жаралы адам жеткізілген.

Деректерге сәйкес, 18 наурыздан бастап (19 қаңтарда жарияланған атысты тоқтату туралы келісімнің бұзылуынан кейін) 2 876 палестиналық қаза тауып, тағы 7 957 адамды жаралаған.

Қақтығыс басталғалы бері жараланғандардың жалпы саны 119 998 адам болды.

Жергілікті билік өкілдері қираған ғимараттардың астында әлі де мыңдаған адамның мәйіті қалғанын атап өтті.

Бұған дейін Израиль Газаға шабуылын күшейтіп, кем дегенде 65 адам қаза тапқанын жаздық.

 

Соңғы жаңалықтар