Германияда біраз салада жұмыс орындары қысқарады

АСТАНА. KAZINFORM — Неміс компаниялары қызметкерлерді қысқартуды жалғастырып, жаңа мамандарды жұмысқа алуда сақтық танытып жатыр. Бұл туралы ifo Экономикалық зерттеулер институтының сауалнамасында белгілі болды, деп хабарлайды DW.

Германия біраз салада жұмыс орындарын қысқартады
Фото: coindesk.com

Сарапшылар жұмыспен қамту индексі коронавирустық пандемия қызып тұрған 2020 жылдың мамырынан бері ең төменгі деңгейге дейін жеткенін атап өтті. Жұмыс орындарын қысқарту барлық салаларға, әсіресе киім өндірушілерге әсер етеді. Қызмет көрсету саласында, бөлшек саудада да шаруа баяу жүріп жатыр. Құрылыста жаппай қысқартулар жоспарланбаған, бірақ жаңа жұмысшыларға сұраныс жоқ.

Сонымен қатар, зерттеуде оң үрдістер де атап өтілді. Туризм және консалтингтік салалардағы жұмыс берушілер жаңа жылда жұмыс күшін кеңейтуді жоспарлап отыр.

Айта кетейік, 2026 жылдан бастап Германияда жұмыссыздарға арналған жаңа төлем жүйесі күшіне енеді.

Соңғы жаңалықтар