Германияда Рождество қарсаңында шоколад бағасы 20%-ға өсуі мүмкін
АСТАНА. KAZINFORM – Бірнеше неміс өндірушіcі шоколад бағасының 20%-ға дейін өсетінін жариялады, деп хабарлайды Bild.
Ferrero, Lindt, Mondelez және Ritter сияқты брендтер биыл нарықтағы үлесін жоғалтты. Кәсіпорындар мұны бағаның өсуімен байланыстырып отыр: какао, қаптама, жалақы, энергия – бәрі қымбаттады. Бірақ бөлшек сауда өкілдері сүт пен қанттың соңғы кезде керісінше арзандағанын айтып, қарсы келді.
Кот-д'Ивуар мен Гана сияқты өндіруші елдерде қатты жаңбыр салдарынан өсімдік аурулары тарады, содан кейін басталған құрғақшылық өнімді жойды. Салдарынан какао бағасы күрт өсіп, 2024 жылдың желтоқсанында тоннасына рекордтық 11 957 еуроға жетті.
Қазіргі уақытта баға тоннасына шамамен 5000 еуроға дейін төмендеді, бірақ 2024 жылдың қараша айымен салыстырғанда бұл әлі де 30%-ға жоғары. Сарапшылар супермаркеттерде бағаның төмендеуін күтпейді, ал Lindt және Mondelez сияқты ірі брендтер бағаны төмендетудің орнына қаптама көлемін азайтуды таңдап отыр.
Бұған дейін Әбу-Дабиде эксклюзивті шоколад таныстырылғанын жазған едік. Бұл – былтыр Дубайда жасалып, әлемдік хитке айналған десерттің үлгісімен жасалған жаңа өнім.