Германияда жұмыссыздар саны 3 миллионнан асты
АСТАНА. KAZINFORM — Германияның Федералдық еңбек агенттігінің деректеріне сәйкес, қазіргі уақытта ел аумағында 3,085 млн адам жұмыссыз отыр, деп хабарлайды DW.
2025 жылғы желтоқсан айынан бері жұмыссыздар саны 177 мың адамға артқан, ал бір жыл бұрын бұл көрсеткіш 92 мыңға аз болған.
Осылайша, елдегі жұмыссыздық деңгейі 6,6% болды.
Германияда жұмыссыздар саны мұндай жоғары деңгейге соңғы рет 2014 жылғы ақпанда жеткен ол кезде шамамен 3,188 млн адам тіркелген.
Федералдық еңбек агенттігінің басшысы жұмыссыздықтың өсуін маусымдық факторлармен түсіндірді.
Оның айтуынша, қаңтар айында жұмыссыздық деңгейі әдетте өседі, себебі жыл соңында уақытша еңбек келісімшарттары аяқталады, сондай-ақ ауа райына тәуелді салаларда құрылыс, ауыл шаруашылығы және туризмде жұмыспен қамту көлемі қысқарады.
Айта кетелік Германияда көлеңкелі экономиканың көлемі 500 млрд еуродан асты.