GGG командасы 17 шілде күнгі жекпе-жек туралы ақпаратқа түсініктеме берді

АСТАНА. ҚазАқпарат - WBA (Super), WBC, IBF және IBO тұжырымдары бойынша әлем чемпионы Геннадий Головкиннің менеджері Олег Герман қазақстандық боксшының Астанадағы жекпе-жегіне қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Айта кетейік, бүгін Астана қалалық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Берік Маржықпаевтың Головкиннің Астанадағы жекпе-жегі шілде айында өтеді деп мәлімдеген.

«Кездесу шілденің 17-сі күні өтетін болды. Головкиннің өзі қол қойыпты. Британдықпен жекпе-жек өзіміздің «Астана-Аренада» өтеді. Соған қаражат жинап, дайындала беріңіздер. Мен өзім ойлаймын, бағалары қымбат болады. Дегенмен, бір-екі жұма күту керек.Олар бізге қарамайды ғой. Қазір кәсіби бокс бизнес болып кетті ғой. Мен өзім ойлаймын, 10-15 мың (теңге - ред.), солай болуы тиіс. Бірақ менің білетінім, олар «Астана-Аренаға» тапсырыс беріп жатыр. Соны көріп, 30 мың көрерменнің алдында үлкен бокс кешін өткізбекші», - деді Маржықпаев елордада өткен бүгінгі баспасөз мәслиxатында.

Алайда GGG-дің менеджері Олег Герман аталған ақпаратты жоққа шығарды.

«Дәл қазір Головкиннің Қазақстандағы жекпе-жегіне қатысты ешқандай ресми ақпарат жоқ. Сол себепті нақты, тіпті алдын ала даталар туралы айтуға болмайды. Билет бағасы туралы да сөз қозғауға ерте. Ал шілденің 17-сі күнгі датаға келер болсақ, Геннадий қатысатын бокс кешінің сенбі күні өтетіні белгілі. Ал шілденің 17-сі дүйсенбіге келіп тұр. Қазір нақты ақпарат жоқ. Алдағы уақытта қандай да бір мәлімет болса, оны GGG командасының өкілдері жариялайтын болады», - деді Герман Vesti.kz сайтына берген сұхбатында.

Соңғы жаңалықтар