Гидротехникалық нысандар сенімгерлік басқаруға беріледі – Ұлттық құрылтай

ҚЫЗЫЛОРДА. KAZINFORM – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев V Ұлттық құрылтайда Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қорына гидротехникалық объектілерді сенімгерлік басқаруға беру мәселесін шешуді тапсырды.

гидротехникалық нысан
Фото: Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қасым-Жомарт Тоқаев бұл қадам ірі су нысандарының тиімділігін арттыру үшін жасалатынын баса айтты.

- Үкімет пен «Самұрық-Қазына» қоры гидротехникалық объектілердің тиімділігін арттыру үшін оларды сенімгерлік басқаруға беру туралы мәселені шешу керек. Көлік-логистикалық кешен де өзіне мұқият назар аударуды талап етеді. Бұл сала дамымай экономиканың тұрақты өсуі мүмкін емес. Қазақстанның транзиттік әлеуеті орасан. Бірақ оны толық ашу үшін көп жұмыс істеу керек, - деді Мемлекет басшысы.

Айта кетейік, Kazinform Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдағы сөзін трансляциялап жатыр. 

Соңғы жаңалықтар