Головкин Дакарда қазақстандық жас олимпиадашыларды жігерлендірді

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан Ұлттық Олимпиадалық комитетінің президенті Геннадий Головкин Дакарда (Сенегал) IV жазғы жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылармен жүздесті.

Головкин Дакарда жас қазақстандық олимпиадашыларға жігер берді
Фото: ҚР ҰОК

ҰОК басшысы жас спортшылармен және бапкерлер құрамымен әңгімелесіп, оларға қолдау көрсетті. Сондай-ақ маусымның басты додасында сәтті өнер көрсетулеріне тілектестік білдірді.

Головкин Дакарда жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылармен кездесті
Фото: ҚР ҰОК

Кездесу барысында Геннадий Головкин мұндай деңгейдегі жарыстарға қатысудың маңызына тоқталды. Оның айтуынша, жасөспірімдер Олимпиадасы жас спортшыларға халықаралық тәжірибе жинақтап, өз мүмкіндіктерін көрсетуге жол ашады.

Головкин Дакарда жасөспірімдер Олимпиадасына қатысып жатқан қазақстандық спортшылармен кездесті
Фото: ҚР ҰОК

Айта кетейік, бұған дейін Геннадий Головкин Дакарда Халықаралық Олимпиадалық комитетінің президенті Кирсти Ковентримен де кездескен болатын.

Еске салайық, Дакардағы Олимпиада ойындарында Қазақстан атынан 18 спортшы өнер көрсетіп жатыр. Қазіргі таңда қоржынымызда екі медаль бар. Дзюдошы Фатима Сұпығалиева алтын жүлде иеленсе, триатлоншы Рамазан Әйнегов қола медаль жеңіп алған еді.