13:06, 18 Наурыз 2025 | GMT +5
Гондурастағы ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 12-ге жетті
АСТАНА. KAZINFORM – Гондурастың батысындағы Роатан аралында ұшақ апатынан қаза тапқандар саны 12 адамға жетті. Бұл туралы Гондурас ұлттық полициясы әлеуметтік желіде хабарлады, деп жазады Report.

– Роатан аралындағы ұшақ апатынан 12 адам қаза тауып, бесеуі аман қалды, – делінген хабарда.
Қазіргі уақытта құтқарушылар ұшақ бортында болған тағы бір адамды іздестіріп жатыр.
Бұған дейін Гондурастың батысындағы Роатан аралындағы аэродромнан ұшып шығып, кейін көп ұзамай ұшақ теңізге құлап, кем дегенде алты адам қаза тапқанын хабарлаған едік.
Полиция сондай-ақ, «33 жолаушыға арналған Jetstream 41 үлгілі ұшағы ұшу кезінде механикалық ақауға тап болып, апатқа ұшырағанын» мәлімдеген. Ұшақ ұшу-қону жолағынан шамамен бір шақырым жерде теңізге құлаған.