Гонконгта тұрғын үй кешеніндегі өрттен қаза тапқандар саны 36-ға жетті

АСТАНА. KAZINFORM — Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде болған өрттен кем дегенде 36 адам қаза тауып, 270-тен астам адам хабар-ошарсыз кетті, деп хабарлайды ТАСС.

Число погибших при пожаре в жилом комплексе в Гонконге возросло до 36
Фото: scmp.com

South China Morning Post газеті хабарлағандай, 29 адам ауруханаға жатқызылған, олардың жетіуі ауыр жағдайда. Гонконг билігі өрттің тез таралуын «қалыптан тыс» деп атап, оның себебін анықтау үшін қылмыстық тергеу жүргізетінін уәде етті.

Қытай Халық Республикасының Гонконг (Сянган) арнайы әкімшілік аймағының әкімшілігінің (үкіметінің) басшысы Джон Ли (Ли Цзячао) 7 желтоқсанға жоспарланған жергілікті сайлауға қатысты қызметтер уақытша тоқтатылғанын хабарлады. Ол әкімшілік апатқа байланысты сайлауды кейінге шегеру мәселесін қарастырып жатқанын атап өтті.

Өрт Тай По ауданындағы «Ван Фук Корт» тұрғын үй кешеніндегі биік ғимараттарды шарпыған. Көрші ғимараттарда косметикалық жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін орнатылған бамбук қалқандары арқылы өрт жылдам таралған. Кешенде шамамен 2 мың пәтер бар және онда 4 мыңдай адам тұрады.

Соңғы рет Гонконгта бесінші деңгейдегі өрт 2008 жылы тіркелген болатын. Сол кезде түнгі клубта болған өрттен төрт адам қаза тауып, 55 адам жарақат алған еді.

Еске салсақ, бұдан бұрын 13 адам қаза тауып, 16 адам ауыр жарақаттар мен күйік алғаны хабарланған еді. Гонконгтағы тұрғын үй кешенінде тұтанған өртпен күресу үшін 767 өрт сөндіруші, 400 полиция қызметкері, 128 өрт техникасы және 57 жедел жәрдем көлігі жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар