Google киімді виртуалды киюді жеңілдетті, енді тек селфи қажет
АСТАНА. KAZINFORM – Google киімді виртуалды кию мүмкіндігін жаңартты, бұл пайдаланушыларға өздерінің толықметражды сандық нұсқасын тек селфи арқылы жасауға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Business Standard.
Пайдаланушыларға енді киімнің денеде қалай көрінетінін қарау үшін дененің толық суреті қажет емес, селфи жеткілікті.
Компанияның мәлімдеуінше, Gemini 2.5 Flash Image моделі бір селфи негізінде виртуалды түрде киіп көру үшін пайдаланушы денесінің сандық нұсқасын жасайды. Содан кейін пайдаланушылар жасалған суреттерді алу үшін киім өлшемін енгізуі керек.
Компания ескі әдісті қалайтындар виртуалды түрде киіп көру үшін әдеттегідей денесі толық түскен фотосуреттерін жүктей алатынын түсіндірді.
Белгілі бір селфилерді, мысалы, танымал тұлғалардың, балалардың немесе басқа да «қауіпсіз емес» суреттерді жүктеуді бұғаттайтын жүйе бар. Алайда пайдаланушылар жүйе қызметі бұзылған жағдайда ол зиянды мақсаттарда пайдаланылуы мүмкін деп алаңдап отыр.
Google-дың функциясы алғаш рет осы жылдың мамыр айында Google I/O 2025 іс-шарасында таныстырылды.
Бұған дейін америкалық Time журналы жасанды интеллект жасаушыларын 2025 жылғы «Жыл адамы» деп атағанын жазған едік.