Grand Slam турнирінде 7 ақпанда ел құрамасынан кімдер шығады

АСТАНА. KAZINFORM - Дзюдодан Қазақстан ұлттық құрамасы сапынан Франция астанасы Парижде өтетін Grand Slam жарысының алғашқы күнінде кімдер бақ сынайтыны белгілі болды.

Grand Slam турнирінде 7 ақпанда ел құрамасынан кімдер шығады
Фото: Қазақстан дзюдо федерациясы

Бұл жөнінде Қазақстан дзюдо федерациясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Жарыстың алғашқы күнінде ел намысын Аман Бақытжан (60 келі), Шерзод Давлатов (60 келі), Ғұсман Қырғызбаев (66 келі), Бауыржан Нарбаев (66 келі), Есет Қуанов (73 келі) және Дастан Шаяхметов (73 келі) қорғайды.

Сондай-ақ ел құрамасынан 81 келіде Абылайхан Жұбаназар мен Әділет Алмат, 90 келіде Айдар Арапов, 100 келіде Марат Байкамуров пен Нұрлыхан Шархан, 100 келіден жоғары салмақта Ғалымжан Қырықбай татамиге шығады.

Ертең, 7 ақпан күні Grand Slam жарысы Астана уақытымен сағат 12:00-де басталады. Финалдар 21:00-ге жоспарланған.

Әлемдік додаға 82 елден 529 дзюдошы қатысады деп жоспарланған.

Аталған турнир 7-8 ақпан аралығында өтеді.

Соңғы жаңалықтар