Грек-рим күресінен Азия біріншілігінде үш қазақстандық күміс медаль алды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Моңғолия астанасы Ұлан-Баторда жалауын көтерген күрес түрлерінен Азия чемпионатында грек-рим күресінен үш қазақстандық балуан күміс медаль алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Финалда Аманғали Бекболатов (55 келі) жапониялық Ю Шиотаниге, Мейрамбек Айнағұлов (63 келі) қырғызстандық Тынар Шаршенбековке есе жіберді.

Сондай-ақ, Мақсат Ережепов (77 келі) қырғызстандық Ақжол Махмудовқа жол берді.

Енді ел құрамасынан Әлімхан Сыздықов оңтүстік кореялық Минсок Киммен бас жүлдені сарапқа салады.

Ал жұбаныш финалында (қола жүлде үшін белдесу) Нұрсұлтан Тұрсынов қырғыз балуаны Мелис Айтбековпен кездеседі.

Еске салсақ, жарыс кестесіне сәйкес ертең, 20 сәуірде 60, 67, 72, 82 және 97 келідегі спортшылар бозкілемге шығады. Азия чемпионатында ел намысын 10 балуан қорғауда.



Соңғы жаңалықтар