Грек-рим күресінен Азия чемпионатында қазақстандық қос балуан қола алды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласында өтіп жатқан грек-рим күресінен ересектер арасында Азия чемпионатында қазақстандық екі балуан қола жүлде алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық додада Аманғали Бекболатов (55 келі) қытайлық Хайфенг Жангті 9:0 есебімен жеңді. Осылайша үшінші орынға ие болды.

Ал Мұхамедалі Мамырбек (63 келі) жапониялық Чейзо Маруямадан 9:0 есебімен басым түсті. Нәтижесінде құрлықтық додада қола жүлде алды.

Енді ел құрамасынан Нұрсұлтан Тұрсынов (87 келі) алтын медальға таласса, Демеу Жадыраев (77 келі) және Әлімхан Сыздықов (130 келі) қола жүлде үшін белдеседі.

Грек-рим күресінен 10 сәуірде қалған салмақтарда жүлделер сарапқа салынады.

Ал 11-12 сәуір әйелдер күресінен сайыстар өткізіледі.

Сәуірдің 13 мен 14 аралығында еркін күреспен жарыс өз мәресіне жетпек.

Еске салсақ, бүгін Астана қаласында грек-рим, еркін және әйелдер күресінен ересектер арасында Азия чемпионаты басталды.


Соңғы жаңалықтар