Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Ержет Жарлықасын 1/4 финалға өтті

АСТАНА. KAZINFORM – Қазақстандық балуан Ержет Жарлықасын грек-рим күресінен Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем біріншілігінің ширек финалына шықты. 

Грек-рим күресінен әлем чемпионаты: Ержет Жарлықасын 1/4 финалға өтті
Фото: ҰОК

Отандасымыз 63 келіге дейінгі салмақта сәтті өнер көрсетті. Ержет бұл кезеңде Солтүстік Корея өкілі Чан Киммен кездесіп, 4:3 есебімен жеңіске жетті. 

Бұған дейін Ислам Евлоев (87 келіге дейін) 1/4 финалға өткен болатын.

Ал грек-рим күресінен Қазақстан құрамасының өкілі Айдос Сұлтанғали Загребте (Хорватия) өтіп жатқан әлем чемпионатында алтын медаль үшін күреседі, ал Демеу Жадыраевтың әлем біріншілігін 5-орынмен аяқтады

Соңғы жаңалықтар