Грекияда бір аптадан бері орман өрті өршіп тұр

АСТАНА. KAZINFORM – Грекияның Кавала қаласындағы Пангеон тауында 22 тамызында басталған орман өрті 7 күннен бері сөнер емес. Бұл туралы Ekathimerini басылымы хабарлады.

өрті
Фото: www.ekathimerini.com

Грекияның солтүстік-шығысындағы Пангеон тауының шалғай аймағындағы орман өрті жетінші күн қатарынан өршіп тұрғаны атап өтілді. Басылымның мәліметінше, өртті сөндіруге 280 өрт сөндіруші, 46 өрт сөндіру техникасы, 3 тікұшақ пен 3 ұшақ жұмылдырылған. Бүгінгі таңда 13 мың гектарға жуық орман отқа оранған.

өрті
Фото: www.ekathimerini.com

Өрт 22 тамызда Авго шыңының етегіндегі орманды алқапта, 1500 метрден астам биіктікте тұтанған.

Еуропа Одағының Copernicus Климаттың өзгеруі жөніндегі қызметінің мәліметтері бойынша, өрт сейсенбі күні түстен кейін 13,41 шаршы шақырым аумақты қамтыды.

Айта кетейік, бұған дейін Хорватияда ірі орман өрті бақылауға алынғанын хабарлаған едік.

Соңғы жаңалықтар