Грекияда жаңа президент сайланды

АСТАНА. KAZINFORM — Грекия парламенті билік басындағы «Жаңа демократия» консервативтік партиясының кандидаты, парламенттің бұрынғы спикері Константинос Тасуласты президент етіп сайлады, деп хабарлайды Kathimerini басылымы.

В Греции выбрали нового президента
Фото: kathimerini.gr

Болашақ президент 160 дауыс жинады. Дауыс беруге парламенттегі 300 депутаттың 276-сы қатысты. Сайлауда жеңу үшін кандидатқа 151 дауыс жинау қажет болды.

Парламенттегі 300 орынның 156-сы биліктегі «Жаңа демократия» партиясының депутаттарына тиесілі.

Негізгі оппозициялық орталық-солшыл партияның социалистік қозғалысы (ПАСОК) қолдайтын кандидат Тасос Янницис 34 дауыс, Радикалды солшыл коалиция — Прогрессивті альянс (СИРИЗА) солшыл партиясы қолдаған Лука Кацели 29 дауыс, ал оңшыл «Ники» партиясының мүшесі Костас Кириакуге 14 адам дауыс берді.

Инаугурация рәсімі 13 наурызда, Грекия президенті Катерина Сакелларопулудың өкілеттігі аяқталатын күнге жоспарланған.

Грекия президентін халық дауыс беру арқылы емес, парламент бес жылдық мерзімге сайлайды.

Биылғы жылдың қаңтарында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Грекияға жаңа елші тағайындады. Ол қызметке Тимур Сұлтанғожин сайланды.

Соңғы жаңалықтар