Грекиядағы жер сілкінісінен кейін цунами туралы ескерту жарияланды

АСТАНА. KAZINFORM — Жерасты дүмпулерінің күші 6,1 балды құрады. Жер сілкінісі Додеканесте сезілді. Цунами қаупі туралы ескерту жарияланды, деп хабарлайды Euronews.

В Греции произошло сильное землетрясение: объявлена угроза цунами
Фото: Геодинамический институт Афин

Сарапшылар «өте күшті» деп сипаттаған магнитудасы 6,1 жер сілкінісі сейсенбіге қараған түні Грекияның Касос аралынан оңтүстік-батысқа қарай 19 шақырым жерде немесе Криттен шығысқа қарай теңіз суында болды. Афина Ұлттық обсерваториясының Геодинамикалық институтының мәліметінше, оның ошағы 64,4 шақырым тереңдікте орналасқан.

Немістің геоғылымдар зерттеу орталығы (GFZ) өз кезегінде жер сілкінісін 6,3 балға, ал ошақтың тереңдігін 83 шақырымға бағалады.

Афинаның Македония ақпарат агенттігінің хабарлауынша, жер асты дүмпуі Додеканестің бүкіл аумағында, сондай-ақ Криттің шығысында сезілген. 

Алдын ала ақпарат бойынша, көмекке шақырту туралы телефон қоңырауы түспеген. Қазіргі уақытта материалдық шығын туралы хабарлама келмеген. Алайда құтқару көліктері жағдайды анықтау үшін аумақты патрульдеу үстінде. 

Сондай-ақ сақтық шарасы ретінде цунами туралы ескерту жарияланды. 

Жер сілкінісін жоспарлау және олардан қорғау агенттігінің басшысы Эфтимиос Леккас ERTNews-ке жер сілкінісінің еуропалық және африкалық плиталар соқтығысатын грек доғасында болғанын хабарлады.

Оның айтуынша, бұл жер асты дүмпулерінің Санторинидегі немесе жақында Түркиядағы жер сілкінісімен ешқандай байланысы жоқ.

Бұған дейін Грекия жағалауында 6,4 магнитудалық жер сілкінісі болғанын жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар