Гуанчжоу – Алматы әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды

АЛМАТЫ. KAZINFORM – Әлеуметтік желіде Гуанчжоу – Алматы рейсінде бір жолаушының қайтыс болғаны туралы хабар тарады. 

Гуанчжоу – Алматы әуе рейсінде жолаушы қайтыс болды
Фото: Мақсат Шағырбай/Kazinform

Көліктегі полиция департаменті Kazinform тілшісіне бұл ақпаратты растады. 

Алматы әуежайындағы желілік полиция бөлімі аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғады.

– Алдын ала өлім себебі – созылмалы ауру. Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр. Оның нәтижесі бойынша процессуалдық шешім қабылданады. ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етілмейді, - делінген хабарламада.

Еске салайық, бұған дейін Ақтөбе – Алматы бағытындағы әуе рейсінде жолаушы көз жұмғанын жазған едік. 

SCAT әуе компаниясының DV 712 рейсі 9 желтоқсан күні кешкісін Ақтөбе – Алматы бағытында жолға шыққан. Алайда көп ұзамай жолаушылардың бірі өзін жайсыз сезінген. Сол кезде әуе командирі Ақтөбе әуежайына қайта оралуға шешім қабылдап, ұшақ сағат 22:50-де Ақтөбе әуежайына қайта қонды. Ұшақ әуежайға қонған соң шұғыл медициналық көмек көрсетілді. Алайда жолаушыны аман алып қалу мүмкін болмады.

Соңғы жаңалықтар