Гуанчжоуда жүк кемесі көпірдің бір бөлігін жұлып әкетті
Қытайдың оңтүстігіндегі Гуандун провинциясындағы Гуанчжоу қаласында жүк кемесі көпірге соғылып, құрылыстың бір бөлігін қиратты, деп хабарлады Синьхуа агенттігі.
Салдарынан бірнеше көліктің суға құлағаны белгілі болды. Олардың саны нақтылануда. Әзірге зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ. Оқиға орнында құтқарушылар жұмыс істеп жатыр.
Оқиға жергілікті уақыт бойынша 05:30-да қаланың Наньша ауданында болған.
Видео: CGTN телеарнасы