Гүлмира Сатыбалдыға қатысты іс: сот үкімі өзгеріссіз қалды

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Апелляциялық сот Гүлмира Сатыбалдыға қатысты істі өзгеріссіз қалдырды.

Гүлмира Сатыбалды
Фото: видеодан алынған скрин / Khabar

— Апелляциялық сот Гүлмира Сатыбалдаға қатысты бірінші инстанцияның үкімін өзгеріссіз қалдырды, — деп хабарлады Алматы қалалық сотының баспасөз қызметі.

Еске салайық, былтыр тамыз айында Гүлмира Сатыбалды 12 жылға бас бостандығынан айырылған болатын

Оған заңсыз бас бостандығынан айыру, аса ірі мөлшерде бопсалау және өзін-өзі басқару бойынша айып тағылып, кінәсі дәлелденді.

Бұған дейін кәсіпкер Абай Жүнісов Гүлмира Сатыбалды бірлескен серіктестікте ұрлық жасады деген күдікпен кінәсін мойындауды талап етіп, 2019 жылдың ақпанынан бері үйінде заңсыз қамауда ұстағанын айтқан еді

Айта кетейік,2023 жылы Гүлмира Сатыбалды біреудің мүлкін иемдену және жымқыру қылмыстық ісі бойынша 7 жылға бас бостандығынан айырылған болатын

Сондай-ақ сот оған 10 жыл бойы коммерциялық ұйымдарда басшылық лауазымдарды атқаруға тыйым салды.

Соңғы жаңалықтар