Гүлнара Каримованың ісі: Швейцария банкі айыпталуда

АСТАНА. KAZINFORM – Швейцария прокурорлары жеке Lombard Odier банкі мен оның бұрынғы қызметкерін қылмыстық жолмен алынған кірістерді жылыстатты деп айыптады. Олар Өзбекстанның экс-президенті Ислам Каримовтың қызы Гүлнара Каримованың қылмыстық әрекеттерін жасыруға көмектесуде «шешуші рөл» атқарғанын атап өтті, деп жазды Gazeta.uz сайты Financial Times-ке сілтеме жасап.

гүлнара каримова
Фото: ИА "KABAR"

Бұл айыпты Швейцарияның федералды прокуроры алға тартты. Жұма күні жарияланған айыптау қорытындысында прокурорлар елдегі ең танымал қаржы институттарының бірі Lombard Odier-дің Гүлнара Каримованың жылдар бойы қылмыстық әрекеттерін жасыруға көмектесуде маңызды рөл атқарғанын айтты. Бірақ Lombard Odier бұл айыптауларды жоққа шығарды.
Бұрынғы банк қызметкері 2008-2012 жылдар аралығында Lombard Odier-дің «жеке клиенттер» бөлімінде жұмыс істеген және тоғыз банктік шот ашқан немесе ашуды ұйымдастырған деген күдікке ілінген.

Швейцария прокурорларының мәліметінше, Каримова мен тағы бір адам 2005-2012 жылдар аралығында Швейцариядағы The Office деп аталатын қылмыстық ұйымға қатысты деген күдікке ілінген.

— Айыптау қорытындысына сәйкес, тергеулер Швейцарияда жылыстатылған ақшаның бір бөлігі Женевадағы Banque Lombard Odier & Cie SA банктік байланыстары арқылы аударылған деген күдікті растады, - деп жазды SWI swissinfo.

Айта кетейік, бұған дейін Швейцария Гүлнара Каримованың 370 млн доллар активін тәркілегенін жазған едік.

Ал, Ұлыбритания билігі Гүлнара Каримованың мүліктерін тәркіледі.

Соңғы жаңалықтар