Гутерриш Пәкістандағы терактіге байланысты көңіл айтты

АСТАНА. KAZINFORM — БҰҰ Бас хатшысы барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тіледі. Бұл туралы АРP агенттігі 9 қарашада кешке дүниежүзілік ұйым басшысының ресми өкілі Стефан Дюжаррикке сілтеме жасап хабарлады.

Глава ООН Антониу Гутерриш.
Фото: БҰҰ

БҰҰ Бас хатшысы Антонио Гутерриш Пәкістанның Кветта қаласындағы шабуылды айыптап, қаза тапқандардың отбасыларына көңіл айтты.

«Біз бүгін таңертең жасалған Кветта қаласындағы террорлық шабуылды айыптаймыз. Бас хатшы қайтыс болғандардың отбасыларына, Пәкістан халқына және Үкіметіне көңіл айтады. Ол барлық зардап шеккендердің тезірек сауығып кетуін тілейді. Бұл жиіркенішті шабуылға кінәлілер жауапқа тартылады деп үміттенеміз», — деп келтірді агенттік Дюжарриктің сөзін.

Еске салсақ, 9 қарашада Пәкістанның Белуджистан провинциясында орналасқан Кветта қаласындағы теміржол вокзалының жанында жарылыс болды. Салдарынан 25 адам қайтыс болды, тағы 62 адам зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар