Гвардейск гарнизонында 600-ден астам сарбаз ант берді

АСТАНА. KAZINFORM — Қарасай батыр атындағы Құрлық әскерлерінің оқу орталығында 620 мерзімді әскери қызметшінің әскери ант қабылдауына арналған салтанатты рәсім өтті. Бұл туралы Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Гвардейск гарнизонында 600-ден астам сарбаз ант берді
Фото: Қорғаныс министрлігі

Іс-шараға Гвардейск гарнизонының бастығы, әскери прокуратура мен әскери полиция өкілдері, Қарулы күштердің ардагерлері, сондай-ақ сарбаздардың туған-туыстары мен жақындары қатысты.

Шараның ашылуында сөз сөйлеген оқу орталығының командирі гвардия полковнигі Мақсат Тұрапбаев жас әскери қызметшілер алты ай бойы оқудан өтетінін атап өтті.

Гвардейск гарнизонында 600-ден астам сарбаз ант берді
Фото: Қорғаныс министрлігі

— Біздің орталықта оқыту арнайы жабдықталған оқу корпустарында ұйымдастырылған. Сарбаздар жүйелі даярлықтан өтіп, ұрыс машиналарының операторы, жүк және жер қазу машиналарының механик-жүргізушісі, көп мақсатты жеңіл брондалған тартқыштың маманы, аспаз және басқа да әскери-есептік мамандықтарды меңгереді, — деді ол.

Оқу орталығының заманауи материалдық-техникалық базасы әскери қызметшілерге алдағы қызметіне қажетті берік кәсіби білім мен тәжірибелік дағдыларды игеруге мүмкіндік береді.

Гвардейск гарнизонында 600-ден астам сарбаз ант берді
Фото: Қорғаныс министрлігі

— Бүгін мен үшін шын мәнінде ұмытылмас күн. Өмірімдегі жауапты сәтті ата-анаммен бірге бөлісуге мүмкіндік туды. Олардың үмітін ақтап, командирлердің сеніміне лайық болуға тырысамын, — деді сарбаз Мейрам Қасым.

Оқуды аяқтағаннан кейін әскери қызметшілер Құрлық әскерлерінің құрамалары мен әскери бөлімдеріне әрі қарай қызмет өткеру үшін жіберіледі. Сарбаздарды бөлу олардың дайындық деңгейі, меңгерген мамандықтары, сондай-ақ әскердің өзекті міндеттері мен қажеттіліктері ескеріле отырып жүзеге асырылады.

Бұдан бұрын Ақмолада Әуе шабуылына қарсы қорғаныс әскерлерінің сарбаздары әскери ант бергенін жазғанбыз.

Соңғы жаңалықтар