Халық банктің цифрлық қызметтері істемей тұр

АСТАНА. KAZINFORM – Халық банктің баспасөз қызметі Halyk мобильдік қосымшасының жұмысында неге іркіліс болып жатқанын түсіндірді.

Астана Halyk bank
Фото: Әділет Беремқұлов/ Kazinform

- Интернет-қызметтерге қол жеткізу уақытша шектелгеніне байланысты цифрлық сервистерге түскен сұраныстар кейінге шегерілуі мүмкін. Дәл қазір Halyk SuperApp қосымшасында да жүйелерге түсетін жүктеменің артуына байланысты уақытша техникалық шектеулер байқалып отыр. Банк мамандары сервистердің тұрақты әрі толыққанды жұмысын қалпына келтіру үшін қажетті жұмыстарды жүргізіп жатыр, - деп жазады банктің баспасөз қызметі.

Халық банк өкілдері ақаудың нақты қашан жойылатыны белгісіз деп отыр.

- Банк қолжетімділіктің шектелуін тез арада жойып, қызметтердің тұрақты жұмысын қамтамасыз ету үшін барлық мүмкін шараларды қабылдап жатыр. Клиенттер мен серіктестерімізге түсіністік танытқаны үшін алғыс білдіреміз, - деп жазылған ресми хабарламада.

Бұған дейін Отбасы банк қосымшасы мен enpf-otbasy порталы уақытша істемей тұрғанын жазған едік. 

Соңғы жаңалықтар