Халықаралық арбитраж: елде бұл дауларға қанша қаражат қарастырылған

АСТАНА. KAZINFORM – Әділет министрі Ерлан Сәрсембаев халықаралық арбитраждық талқылауларға қатысты түсінік берді.

 Қазақстан халықаралық арбитражда кезекті жеңіске жетті
Фото: Әділет министрлігі

- Мемлекеттік орган болғандықтан, біздің бюджет ашық түрде жарияланған. Қазіргі кезде бүкіл халықаралық арбитарждарға және соттарға қатысты арнайы бағдарлама бар. Жалпы, 7 млрд теңгеден астам соманы құрайды, - деді Е. Сәрсембаев Парламент Мәжілісінде тілшілер сұрағына жауап бере отырып.

Осы орайда ол Қазақстан 20-ға жуық дауға қатысып жатқанын, бұл бағытта 7 млрд теңге қарастырылғанын нақтылады.

Сонымен қатар министр Қашаған операторымен арбитраж қашанға дейін жалғасатынын айта алмады.

- Осыны талқалу қашан аяқталатынын нақты ешкім айта алмайды. Түрлі сатыларда талқылаулар болуы мүмкін. сондықтан бұл мәселеде нақтыланған мерзімді жариялай алмаймыз, - деді ведомство басшысы.

Айта кетейік, жыл басында Үкімет басшысы халықаралық арбитраждық талқылаулардың ұзаққа созылу себебін түсіндірді.

Еске салсақ, Қазақстан үкіметі мұнай алпауыттарымен бірнеше жылдан бері соттасып жатыр.

Жақында Қашаған кен орнын игеруші NCOC компаниясы экологиялық айыппұлға байланысты түсірген талап арызға сай, Қазақстан халықаралық төрелікке қатысатыны мәлім болды.

 

Соңғы жаңалықтар
Референдум