Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталды

АСТАНА. KAZINFORM — Қазақстан ІІМ Интерполдың Ұлттық орталық бюросының сұрауы негізінде Грузияның Рустави қаласында халықаралық іздеуде жүрген азамат ұсталды.

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталды
Фото: pexels

Ол Қылмыстық кодексінің 367-бабы 2-бөлігі бойынша, лауазымды тұлғаға пара беру әрекетін жасағаны үшін айыпталып отыр.

Тергеу дерегінше, күдікті 2019 жылы қылмыстық жауапкершіліктен жалтару мақсатында құқық қорғау органының қызметкеріне 400 АҚШ доллары көлемінде пара берген.

Халықаралық іздеуде жүрген күдікті Грузияда ұсталды
Фото: ІІМ

Бұған дейін жүргізілген тексеру барысында күдіктіге тиесілі массаж салонының атымен жезөкшелік қызмет көрсетілгені анықталған. Қазіргі уақытта ұсталған азамат Грузия аумағында қамауға алынды.

Айта кетелік халықаралық іздеуде болған қазақстандық Мысырда ұсталды

Соңғы жаңалықтар